Жамбыл облысында жас әйел екі жасар баласымен тірідей өртеніп кетті

193

Ана мен бала отырған көлік қызыл отқа оранған. 

Жамбыл облысында жас әйел екі жасар баласымен тірідей өртеніп кетті Фото: Регнум

"Батыс Еуропа-Батыс Қытай" республикалық тас жолының 369-шы шақырымында "Мерседес" автокөлігі қатты жылдамдықпен келіп, жол жиегінде тұрған BMW көлігіне соқтығысқан деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Жүргізуші рульді басқара алмай қалса керек, қазір ол ұсталды", - деп хабарлады облыстық полиция департаменті.

Осы сәтте “BMW” көлігінде 23 жастағы келіншек екі жасар ұлымен отырған. Әп-сәтте көлік қызыл отқа оранып, ондағы жолаушылар да өртеніп кеткен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу