Жамбыл облысында жаяу жүргіншіні автобус қағып кетті

1229

Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

Жамбыл облысында жаяу жүргіншіні автобус қағып кетті

Таразда 58 жастағы әйелді автобус қағып кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқыс оқиға бүгін таңғы сағат 08:50-де болған. 22 жастағы қоғамдық көлік жүргізушісі қаладағы Жамбыл мен Төле би көшелерінің қиылысында жаяу жүргіншілер жолынан өтіп жатқан 58 жастағы әйелді қаққан. Салдарынан тұрғын оқиға орнында көз жұмған.

"Бұл факт бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Күдікті Тараздағы уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деп жазылған хабарламада.

Басқа ақпарат тергеу мүддесінде сәйкес жария етілмейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу