Жамбыл облысында жел электр станциясының құрылысы басталды

317

Жоба Masdar компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылып жатыр.  

Жамбыл облысында жел электр станциясының құрылысы басталды Фото: t.me/samrukkazynaofficial

Бүгін болашақ энергетика нысанының капсуласын салтанатты түрде салу рәсімі өтті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Іс-шараға телекөпір форматында "Самұрық-Қазына" басшысы Нұрлан Жақыпов, ҚР Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов, Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев және Masdar компаниясының басқарма төрағасы Мұхаммед Әл Рамахи қатысты. Ал "Самұрық-Энерго" басшысы Қайрат Мақсұтов құрылыс алаңында жобаны ресми түрде іске қосты.

"Жаңа жел электр станциясы өңірдің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтып қана қоймай, Қазақстандағы жасыл энергетиканы дамытуға да елеулі үлес қосады", – деді Нұрлан Жақыпов құттықтау сөзінде.

Жобаға жалпы көлемі 1,4 млрд доллар инвестиция салынады. Пайдалануға берілгеннен кейін станция жыл сайын шамамен 3,4 млрд кВт сағ электр энергиясын өндіріп, 880 мыңға жуық үй шаруашылығын таза энергиямен қамтамасыз етпек.

Жел электр станциясын 2029 жылы іске қосу жоспарланып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу