Жамбыл облысында жеңіл көлік жылқыға соғылды

514

Адам шығыны бар. 

Жамбыл облысында жеңіл көлік жылқыға соғылды

“Батыс Еуропа – Батыс Қытай” республикалық маңызы бар көлік жолында жылқыға түнгі сағат 01:50-де 38 жастағы жүргізуші басқарған Chevrolet Nexia көлігіне соғылған. Болған оқиға салдарынан жүргізушінің қасында болған 38 жастағы жолаушы әйел қайтыс болды.

Полиция қызметкерлері шаруаларға малды арнайы бөлінген жерлерде және тұрақты бақылауда бағу қажеттігін ескертеді.

ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабына сәйкес, жануарларды жаю ережелерін бұзғаны үшін ескерту немесе 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Жеке тұлғалардың денсаулығына немесе мүлкіне зиян келтірген дәл сол әрекеттерге қатысты 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл қарастырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу