ҚР ТЖМ "СБЗҰГО" ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2025 жылғы 28 наурызда Астана уақытымен 16:00-де жер сілкінісі тіркелді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
– Жер сілкінісі Жамбыл облысында сезілген. Есептік қарқындылығы нақтыланып жатыр. Жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан аумағында орналасқан. Зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы мәлімет түскен жоқ, – делінген ресми хабарламада.
Бұған дейін Алматыдан 323 шақырым жерде де жер сілкінісі тіркелген болатын. Есептелген қарқындылығы Меркі ауылында – 5.0 балл, Құлан ауылында – 4.0 балл, Шу қаласында 2.0 балл шамасында болған.
Дәл осы табиғи апат салдарынан Тұрар Рысқұлов ауданы Қарақыстақ ауылындағы мәдениет үйі, Меркі аудандық ауруханасы, Ойтал ауылындағы мектеп ғимаратының қабырғасында жарықшақ пайда болғаны нақтыланды.
Кейіннен Жамбыл облысында жер сілкінісінен инфрақұрылымдық нысандарға зақым келмегені туралы ақпарат тарады.