Жамбыл облысында жоғалған әйел көрші қожалықтың аумағынан табылды

86

Жамбыл облысының Шу ауданында малшыға көмектесу үшін шығып, хабарсыз кеткен әйел аман-есен табылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Жамбыл облысында жоғалған әйел көрші қожалықтың аумағынан табылды Фото: ТЖМ

Іздестіру жұмыстары барысында құтқарушылар, арнайы техника, кинологиялық есептоп және ұшқышсыз ұшу аппараты жұмылдырылды.

"Бүгін таңертең жоғалған әйел көрші қожалықтың аумағынан табылды. Жағдайы қанағаттанарлық, медициналық көмек қажет болмады", – деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу