Жамбыл облысында жоғалып кеткен екі балықшының біреуінің денесі табылды

359

Екінші адамды іздеу жалғасуда. 

 Жамбыл облысында жоғалып кеткен екі балықшының біреуінің денесі табылды Фото: ҚР ТЖМ

10 ақпанда дронның көмегімен қамыстардың арасынан жоғалған адамдардың бірінің денесі табылып, жағаға шығарылды, деп жазады inbusiness.kz сайты Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

"Билікөл көлінде Жамбыл облысы ТЖД құтқарушылары Қарабастау ауылының тұрғындарын іздеуді қайта бастады. Құтқарушылар әуесқой балықшыларды 10 күн бойы іздеді, кейін 21 қаңтарда ауа-райына байланысты іздеулер тоқтатылған болатын", - делінген хабарламада.

Айта кетсек, 11 қаңтарда сағат 12.15-те Жамбыл облысы ТЖД Күштер мен құралдарды жедел басқару орталығының "112" телефон нөміріне Жуалы ауданы, Билікөл көлі маңындағы Қарабастау ауылының 1981 және 1987 жылғы тұрғындары қайыққа мініп, балық аулауға кеткендігі және олардан еш хабар жоқтығы жөнінде көмек сұрап, хабарлама түскен еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу