Жамбыл облысының әскери бөлімінде жойқын жарылыс болды

1697

Сағат 19:00-де Жамбыл облысы, Байзақ ауданында қуатты жарылыс болды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы ҚР Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.  

 Жамбыл облысының әскери бөлімінде жойқын жарылыс болды

"Бүгін сағат шамамен 19:00-де Жамбыл облысының Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлім қоймаларының бірінен өрт шықты. Өрт салдарынан белгісіз заттың жарылысы орын алды. Өртті сөндіруге бөлімнің шынжыр табанды өрт сөндіру машинасы мен өрт сөндіру командасы жұмылдырылған. Оларға Жамбыл облыстық ТЖД өрт сөндіру бөлімшелерікөмек көрсетуде. Өрт ошағының жою жалғасып жатыр. Өрттің неден шыққаны анықталу үстінде", - делінген министрлік таратқан ақпаратта.

Ведомство мәліметінше, оқиға орнына ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары генерал лейтенант Руслан Шпекбаев бастаған Қорғаныс министрлігінің комиссиясы жіберілді.


 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу