Жамбыл облысында жол үстінде автобус өртенді

1025

Жамбыл облысында жол үстінде автобус өртенді

Жамбылдық өрт сөндірушілер бір сағат ішінде тілсіз жауды жойды, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.

"Жамбыл ауданында, Алматы - Ташкент халықаралық тас жолының 551-ші шақырымында "FAW" автобусында өрт шықты. Өрт салдарынан автобус салоны отқа оранды. Жапа шеккендер жоқ", - деп хабарлады Жамбыл облыстық ТЖД баспасөз қызметінен.

Өрт сөндірушілер жарты сағатта оқиға орнына жетіп, тілсіз жауды ауыздықтаған

Автобус салонында үш адам болған. Олар баратын жеріне жол-жөнекей көлікпен жетті, деді Жамбыл облыстық ТЖД баспасөз қызметінен. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу