Жамбыл облысында жол жабылып, 2 мыңнан астам көлік жолда тұр

136

Жағдай облыстық жедел штабтың бақылауында.

Жамбыл облысында жол жабылып, 2 мыңнан астам көлік жолда тұр Фото: Бейнежазбадан

Ауа райының күрт нашарлауына (қалың қар, боран, жолда көрінудің төмендеуі) байланысты Жамбыл облысы аумағындағы республикалық және облыстық маңызы бар бірқатар автожолда көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Республикалық маңызы бар "Алматы – Ташкент – Термез" автожолының 238-476 км (Қайнар – Тараз) және 476-534 км (Тараз айналма жолы) учаскелерінде жүк автокөліктерінің қозғалысы шектелді.

Сонымен қатар аталған автожолдың 143-238 км және 534-593 км аралықтарында барлық автокөлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылды.

Бұдан бөлек, "Меркі – Шу – Бурылбайтал" автожолының 156-268 км, "Аса – Қарабастау" автожолының 0-38 км және "Күйік – Қарабастау – Қаратау – Жаңатас – Саудакент" автожолының 27-143 км учаскелерінде қозғалыс тоқтатылды.

12 ақпан сағат 20:00-дегі жағдай бойынша 2156 автокөлік (975 жүк және 1181 жеңіл) жолда тұр.

Негізгі кептеліс Алматы – Шымкент және Тараз – Алматы бағыттарында, сондай-ақ Кенен, Мақтарал және Қордай маңында байқалуда.

Жолдарды күтіп-ұстау жұмыстарына ТЖД-дан 16 қызметкер мен 8 техника, полиция департаментінен 60 қызметкер мен 24 техника, сондай-ақ "ҚазАвтоЖол" тарапынан 78 арнайы техника жұмылдырылды.

Айша-Бибі, Қордай және Жуалы аудандарында барлығы 11 жылыту пункті жұмыс істеп тұр. Азаматтарды қабылдауға дайын.

"Департамент базасында қауырт желі іске қосылып, 101 қоңырау қабылданды.

Азаматтық қорғау қызметтерінен тұратын жедел штаб жұмыс істеп жатыр. Жуалы және Сарысу аудандарындағы электр энергиясының уақытша өшулері толық қалпына келтірілді.

Жағдай облыстық жедел штабтың бақылауында. Қосымша ақпарат алу үшін 112 нөміріне хабарласуға болады", – делінген Жамбыл облысының жедел штабы хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу