Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, "Алматы-Ташкент" автокөлік жолында жолаушылар автобусы өртенді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Өрт сөндіру бөлімшесі келгенге дейін 29 жолаушы өз бетінше автобустан шықты.
"Өрт жойылды. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің алдын ала себебі – электр сымдарының қысқа тұйықталуы", - деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.
ТЖД 9 қызметкері мен 2 техникасы жұмылдырылды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу