Жамбыл облысында жолда қалған жолаушыларға көмек берілді

1064

"Алматы-Ташкент" тас жолының 240 шақырымында "Yutong" маркалы автобус бұзылып, 45 жолаушы,оның ішінде 5 бала жолда қалған.

Жамбыл облысында жолда қалған жолаушыларға көмек берілді

Жамбыл облысында республикалық және облыстық маңызы бар автожолдардағы қаупі жоғарылайтын учаскелер белгіленіп, тартылатын күштер мен құралдар, жылыту пункттері көрсетілген электрондық карта әзірленді, деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Қыс кезінде Күйік, Шақпақ, Қордай, Хантау асуларында жол апаты жиілейді. Сондай-ақ, кептеліс пайда болып немесе жолаушылардың жолда қалуы көбейеді.

"Қысқы кезеңге 28 жылыту пункті дайындалды, оның ішінде 9-ы республикалық маңызы бар автожолдарда, 6-уы облыстық маңызы бар автожолдарда болса, 13-і аудандық маңызы бар автожолдарда орналасқан. Бұдан басқа, қосымша жылыту пункттері ретінде автомобиль жолдары бойында орналасқан білім беру объектілері мен елді мекендердің мешіттері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері пайдаланылатын болады",– делінген хабарламада.

Техника жұмысы үшін қажетті отын қоры дайындалған, құтқару жұмыстарына арналған техника түгелденіпті.

Құтқарушылар күн суытқалы жолаушыларға көмек көрсетіп үлгерген. Мысалы 27 қарашада "Алматы-Ташкент" тас жолының 240 шақырымында "Yutong" маркалы автобус бұзылып, 45 жолаушы,оның ішінде 5 бала жолда қалған. 19 жолаушы жолай басқа көліктерге мініп кеткен, ал 26-сы Қордай ауылына жедел жеткізіліп, "Sprinter" микроавтобусымен Алматы қаласына жөнелтілген.

Ал 28 қарашада ішінде 20 жолаушысы бар автобус Шымкенттен Нұр-Сұлтанға сапарға шығып, жолда бұзылған. "Шығанақ" трассалық-медициналық-құтқару пунктінің күшімен жолаушылары эвакуацияланған.

Сондай-ақ, техникалық ақау себебінен сапарын тоқтатқан жеңіл көліктерге де көмек берілген.

Айта кетсек, Жамбыл облысының жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының ұзындығы 4327 км құрайды, оның ішінде 1237 шақырымы – республикалық маңызы бар жолдар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу