Жамбыл облысында жүргізушіден 34 келі есірткі тәркіленді

398

Өткен аптада Жамбыл облысының полицейлері есірткі қылмысының жолын кесті. 

Жамбыл облысында жүргізушіден 34 келі есірткі тәркіленді Фото: Егемен Қазақстан

Жамбыл облысында жүргізушіден 2 қап кептірілген марихуана табылды, деп жазады inbusiness.kz.

"Жамбыл облысының Белбасар ауылында көлікті тексеру кезінде 2 қап кептірілген марихуана табылды. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 34 келіні құрайды", - деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Серік Сұлтанов.

Оның сөзінше, 2023 жылдың өткен кезеңінде есірткінің заңсыз айналымы бойынша 1300-ден астам қылмыс анықталған.

"765 есірткіні сату дерегі тоқтатылды. Заңсыз айналымнан 8 тоннадан астам есірткі, оның ішінде 168 келі синтетикалық есірткі тәркіленді. 24 есірткі зертханасы таратылды. 4 ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілді. 8 қылмыстық іс қозғалды, оның ішінде ұйымдасқан қылмыстық топты ұйымдастыру және оған қатысу бойынша 6 іс, трансұлттық топты құру және басқару бойынша – 2. Қылмыстық жауапкершілікке ұйымдасқан қылмыстық топтың 4 көшбасшысы мен оның 30-дан астам қатысушысы тартылып жатыр. Олардан 100 келіден астам есірткі, 84 тоннадан астам прекурсорлар және 24 тонна "көкнәр сабаны" тәркіленді", - деді ІІМ өкілі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу