Жамбыл облысында жыл басынан бері 2,3 мың тонна ет экспортқа шығарылды

1147

Жамбыл облысында жыл басынан бері 2,3 мың тонна ет экспортқа шығарылды

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыс әкімі Асқар Мырзахметов баяндады, деп хабарлайды ortcom.kz.

Агроөнеркәсіптің қайта өңделген өнімінің экспортын көбейту мақсатында жыл басынан бері 2,3 мың тонна ет экспортқа шығарылды. (оның ішінде 1,3 мың тн қозы еті, 0,6 мың тн – сиыр еті). Бұл өткен жылдың көлемінен 3 есеге артық.

Асқар Исабекұлы бүгінде өңірде ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін 183 кәсіпорын жұмыс істеуде екенін жеткізді. Бірақ сапалы, терең өңдеумен айналысатын кәсіпорындардың санын арттыруға қатысты жұмыстар жүргізілуде. Жыл соңына дейін осындай 4 жоба іске қосылады. Бұдан бөлек, құны 21,6 млрд теңгені құрайтын 9 инвестициялық бастама бекітілді.

"Ауыл шаруашылығымен тиімді айналысу үшін үлгілі шаруа қожалықтарының базасы жасақталды. Онда келесі жылдан бастап арнайы оқыту, таныстыру жүргізілетін болады. Осы орайда заманауи тұрғыдағы облыстық агроколледж құруды да қолға алдық. Бұл бастамаға биыл 200 млн теңге бөлінді",- деді Асқар Мырзахметов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу