2024 жылдың 26 қазанында Тұрар Рысқұлов ауданында екі ер адам зираттың темір қоршауын ұрлау кезінде ұсталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
ҚР ҚК-нің 24-бабы (Қылмысқа оқталу) және ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Күдіктілер 33 жастағы Жамбыл ауданының және 34 жастағы Байзақ ауданының тұрғындары екені анықталды.
Тергеу барысында күдіктілердің бұрын жасалған Талас ауданы маңындағы зират қоршауларын ұрлау дерегіне қатыстылығы белгілі болды.
Сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу