Жамбыл облысындағы 11 ауыл кең жолақты интернетпен қамтылады

1002

308 елдімекеннің 234-і жоғары жылдамдықты мобильді интернетпен (3G және 4G) қамтамасыз етілген. 

Жамбыл облысындағы 11 ауыл кең жолақты интернетпен қамтылады

Бүгінде 250-ден астам тұрғыны бар облыстағы 308 ауылдың 166-сы интернет желісіне кең жолақты кабельдік қолжетімділікпен қосылған десек, ағымдағы жылдың соңына дейін қосымша тағы 11 елдімекен қамтамасыз етілетін болады, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

308 елдімекеннің 234-і жоғары жылдамдықты мобильді интернетпен (3G және 4G) қамтамасыз етілген. 23 ауылда ұялы байланыс операторлары мобильді интернеттің жылдамдығын арттыру бойынша жұмыстар жүргізуде. 50 ауылдық елді мекенде оның жылдамдығы тұтынушыларды қанағаттандырмайды.

Халық саны 250 адамнан аз 63 ауылдың 20-сы жоғары жылдамдықты мобильді интернетпен қамтамасыз етілген; жыл соңына дейін тағы бір ауыл интернет байланысқа қосылады.

Талас, Жамбыл, Қордай аудандарында ұялы байланыс операторлары ұялы байланыс антенналарын орнатуда қиындықтарға тап болуда. Бейнеконференцбайланыс режимінде қатысқан аудан әкімдеріне мәселелерді шешу тапсырылды.

Сондай-ақ аймақ басшысы әр ауылдағы жағдайды талдап, қай елді мекендерде интернет жоқ екенін анықтау керектігін ескертті.  

Облыс әкімінің шешімімен интернетке қол жетімділік мәселелері бойынша жұмыс тобы құрылатын болды. Оның құрамына ұялы байланыс операторларының өкілдері де енеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу