Жамбыл облысында 2018-2027 жылдары қосымша 196 елді мекенді газдандыру жоспарлануда. Осылайша өңірдегі елді мекендерді көгілдір отынмен 100 пайыз қамту көзделуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
2017 жылы облыстық бюджеттен 525 млн теңге бөлініп, 43 524 млн теңге құрайтын 11 жобалық құжат дайындалды. Оның ішінде алты ауданның 84 елдімекенін газдандыру, Тараз қаласы халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін АГРС-1 мен АГРС-2-ні қаланың сыртына шығару қарастырылған. Бүгінде бұл жұмыстар қолға алынып, жүргізілуде. Аталған жобалар толығымен іске асқан кезде облыстағы газдандырылған елді мекен саны 265-ті құрап, 70% деңгейіне көтеріледі. Әзірге бұл көрсеткіш 48 пайызды құрап отыр.
Айта кету керек, өңірдегі газдандырылған елдімекендерде тұрса да, орталықтандырылған газ торабына қосылмаған 88 мың халық бар болатын. Оның 53 мыңға жуығы өткен жылдың соңына дейін газ торабына қосылды. Қазіргі таңда аудан әкімдері төмен бағамен, яғни 82 756 теңгеге газ кіргізу жұмыстарын "Жамбыл-жылу", "Теміржол-жылу және жеке мердігерлермен бірлесе атқаруда.