Жамбыл облысындағы ауылда жасөспірім өлі күйінде табылды

202

Бұл туралы Жамбыл облыстық полиция департаментінен мәлім етті.

Жамбыл облысындағы ауылда жасөспірім өлі күйінде табылды Фото: Polisia.kz

Жамбыл облысы Меркі ауданына қарасты Сыпатай батыр ауылындағы үйлердің бірінің жанынан кәмелетке толмаған баланың мәйіті табылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Облыстық полиция департаментіне мұндай хабарлама Меркі аудандық ауруханасынан түскен.

"Полиция кәмелетке толмаған күдіктіні ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алды. Қазіргі таңда жасөспірім өлімі дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталып, сараптамалар тағайындалды. Сонымен қатар, күдіктіге қатысты заңсыз суық қару алып жүру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес, өзге мәліметтер жариялауға жатпайды", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу