Жамбыл облысындағы дауыл кезінде жас жігіт қайтыс болды

1017

Ол шатырдан құлап кеткен.

Жамбыл облысындағы дауыл кезінде жас жігіт қайтыс болды

Жамбыл облысында соққан қатты дауыл 17 жастағы жасөспірімнің өліміне әкелді, деп хабарлайды inbusiness.kz Хабар 24-ке сілтеме жасап.

Бұл жағдай Жалпақтөбе ауылында болған. Жас жігіт жеке түрғын үйдің төбесіне шыққан, кейін қатты соққан желмен жерге құлаған. Марқұм жедел жәрдем келгенше қайтыс болды.

17 қарашада барлығы 51 адам медициналық көмекке жүгінген. Олардың 10-ы ауруханаға жатқызылды, үшеуі бала. Қалғандары үйлеріне жіберілді.

Еске сала кетсек, 16 қараша күні Таразда желдің екпіні секундына 38 метрге жетіп, дауыл соққан. Көшеде көліктер соқтығысып, қала тұрғындары жарақат алған.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу