Жамбыл облысындағы фармацевтикалық зауытта шикізат шығарылады

1512

Бүгінде кәсіпорын жаңа кешен салып жатыр.

Жамбыл облысындағы фармацевтикалық зауытта шикізат шығарылады

2022 жылы Жамбыл ауданындағы Super Pharm фармацевтикалық зауытында ауыл шаруашылығы, жол, құрылыс салаларына қажет шикізат шығарылатын болды, деп хабарлайды inbusiness.kz Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Бүгінде зауыт медициналық халаттарды, хирургиялық киім жиынтығын, аса жұқпалы және инфекциялық аурулардан сақтануға арналған маскалар мен шприцтер, системалық құралдар, спиртті салфеткалар мен бинт, лейкожапсырмалар, ота жасауға арналған құрал-жабдықтар: қайшы, пышақ жиынтығын өндіреді.

Кәсіпорын директоры Қайрат Қаймолдаевтың айтуынша, алдағы уақытта зауыт ауыл шаруашылығы, жол, құрылыс салаларына қажет шикізатты өндіруді жоспарлап отыр. Ол үшін кәсіпорын аумағында жаңа кешен салынып жатыр.

Тиісті құралдарды орнатуға 1,7 млрд теңге жұмсалыпты. 2022 жылғы мамырда жаңа кешен іске қосылады деп жоспарланып отыр. Онда 100-ге жуық адам жұмыс істейтін болады.

Айта кетейік, Жамбыл облысындағы зауыт 2011 жылы іске қосылған. Ол 400-ге жуық фармацевтикалық заттарды өндіреді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу