Жамбыл облысындағы коронавирус жұқтырған адам Қырғызстаннан келген

1056

Ол Шу ауданының тұрғыны.

Жамбыл облысындағы коронавирус жұқтырған адам Қырғызстаннан келген

Жамбыл облысының денсаулық сақтау басқармасы облыс аумағындағы коронавирустік инфекция тақырыбында брифинг өткізді. Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Жұманқұлов мән-жайды түсіндіріп айтты.

"Жамбыл облысында коронавирус жұқтырған бір азамат анықталып отыр. Ол Шу ауданының тұрғыны. Жамбыл облысына Қырғызстаннан келген болатын. Дерек түскен күні, яғни 24 наурызда ол облыстық карантиндік стационарға жатқызылып, зерттеу анализдері алынған болатын. Анализдерінің қорытындысы бойынша оң нәтиже тіркелді. Алайда дәлдігін зерттеу мақсатында анализдерді қосымша тексеру үшін Алматыдағы вирусологиялық зертханаға жіберіліп отыр", – деді Марат Жұманқұлов.

Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасы өкілінің айтуынша, азаматтың дене қызуы қалыпты, жағдайы қанағаттанарлық.

"Азаматпен тығыз қарым-қатынаста болған адамдардың барлығы анықталды. Олардың барлығы медициналық бақылауға алынды, стационарға жатқызылғандардың саны – 13. Науқастың тұрғылықты жерінде қажетті дизинфекциялық жұмыстар жүргізілді. Сондай-ақ, оның барған жерінде де санитарлық нормалар сақталуда. Азаматтың дене қызуы қалыпты, жағдайы қанағаттанарлық. Денсаулығына шағымданбайды. Қазіргі кезде ол облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында жатыр", – деп айтып өтті денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу