Жамбыл облысындағы науқас індетті пойызда жұқтырған

809

Жалпы Жамбыл облысында коронавирус індетін жұқтырудың 45 оқиғасы тіркелді.

Жамбыл облысындағы науқас індетті пойызда жұқтырған

7 сәуір күні Жамбыл облысында COVID-2019 жұқтырған тағы 5 адам анықталды, оның төртеуі Қордай ауданының тұрғындары, деп хабарлайды coronavirus2020.kz сайты.

"Алдын ала мәлімет бойынша, 1961, 1963, 1973 және 1985 жылы туған азаматтардың вирус жұқтыруына олармен тығыз байланыста болған індетке шалдыққан науқас себеп болған. Бесінші науқас – 1966 жылғы Мойынқұм ауданының тұрғыны. 28 наурыз күні "Көкшетау-Қызылорда" пойызында коронавирус инфекциясын жұқтырған адаммен байланыста болған. Қызылорда облыстық санитарлық-эпидемиологиялық қызметінен осы ақпаратты алғаннан соң, ол жедел түрде карантиндік стационарға оқшауландырылды. Лабораториялық талдау COVID-2019 диагнозын растады",  делінген ақпаратта.
Мәлім етілгендей, науқастанған азаматтармен байланыста болған 54 адам анықталып, карантинге жатқызылды.

"Лабораториялық зерттеуге материалдарды іріктеу жұмысы жүріп жатыр. Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет індет жұқтырғандар мен байланыста болғандардың тұрғылықты мекенжайы мен барған жерлеріне дезинфекция жасады", – делінген ресми хабарламада.

Жалпы Жамбыл облысында коронавирус індетін жұқтырудың 45 оқиғасы тіркелді. Оның ішінде 11 адам шекара пункттерінен өткен кезде анықталса, 6 науқас – Делиден келген рейс жолаушылары. Таразда – 5, Қордай ауданында – 18, Меркіде – 2, Шу, Жамбыл және Мойынқұм аудандарында 1 адамнан тіркелді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу