Жамбыл облысындағы Президент резиденциясының орнына балалар лагері ашылады

Бұл сұраққа облыс әкімі Нұржан Нұржігітов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте жауап берді. 

Жамбыл облысындағы Президент резиденциясының орнына балалар лагері ашылады Фото: Хабар24

Журналистер әкімнен Президент резиденциясы кімнің иелігіне өткенін сұрады. 

Бұл ретте өңір басшысы қазірд Мемлекет басшысының резиденциясы білім басқармасының балансына берілгенін, онда балалар үшін жыл бойы жұмыс істейтін лагерь ашуды жоспарлап отырғандарын айтты. 

"Осы лагерьге жергілікті бюджеттен 600 млн теңгеге жуық қаржы бөлдік. Жақын арада жөндеу жұмыстары басталады, мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүріп жатыр. Біздің жоспарларымыз жыл бойы жұмыс істейтін 50 адамға арналған лагерь жасау. Ғимарат бар, сыныптарды қайта жабдықтаймыз, қосымша жиһаз аламыз. Қаржыландыру, азық-түлік, еңбекақы мәселелері шешілді. Ұсақ құрылыс жұмыстарын бітірсек, жазда 15 күн, қыста бір айға дейін ұзартамыз. Оқу, инклюзивті білім беру үшін кейбір сыныптарды арнайы жабдықтаймыз", - деп жауап берді Нұржігітов.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қостанай, Ақтау, Тараз, Атырау және Ақтөбе қалаларындағы Президент резиденциялары балалардың игілігіне берілетіні белгілі болған. Әкімдіктер бұл ақпаратты растап, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әрекет ететіндерін жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу