/img/tv1.svg
RU KZ
DOW J 24 580,91 Hang Seng 24 266,06
FTSE 100 6 045,69 РТС 1 215,69
KASE 2 434,31 Brent 36,55
Жамбыл облысындағы Сарысу ауданына жаңа әкім тағайындалды

Жамбыл облысындағы Сарысу ауданына жаңа әкім тағайындалды

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев жаңа басшыны аудан активіне таныстырды.  

04 Шілде 2020 17:57 268

Жамбыл облысындағы Сарысу ауданына жаңа әкім тағайындалды

Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және аудандық мәслихат депутаттарының келісімімен Бақытжан Жақсылықов Сарысу ауданының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

 Өңір басшысы ауданның жаңа әкіміне ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, заңдылық пен тәртіптің сақталуы, қоғамдағы бірлік пен келісімді нығайту бойынша бірқатар міндеттер жүктеді.

«Сарысу ауданының әлеуеті зор. Мұнда өндірістік сектор, ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік жүйелі түрде дамуда. Ауданның жаңа басшысы осы қарқындағы жұмысты жалғастыруы тиіс. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық үнінен құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын қалыптастыруды тапсырды. Жергілікті әкімдер халыққа жақын болып, мәселелерді бірге шешуі керек", - деді облыс әкімі.

Бақытжан Жақсылықов аймақ басшысына сенім артқаны үшін алғысын білдіріп, Сарысу өңірін дамыту жолына бар күш-жігері мен мүмкіндіктерін жұмсайтынын жеткізді.

Бақытжан Алпысұлы 1972 жылы Жамбыл облысы Сарысу ауданында дүниеге келген.

Қазақ Ұлттық техникалық университетін «инженер-құрылысшы» мамандығы бойынша бітірген.

 Еңбек жолын 1995 жылы Қазақ ұлттық техникалық университетінде оқытушы болып бастаған.

Әр жылдары Сарысу ауданы әкімі аппаратының, аудандық Зейнетақы төлеу жөніндегі орталығының бас маманы, аудан әкімі аппаратының бас инспекторы, бөлім меңгерушісі, шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі аудандық комитеттің төрағасы, Жаңатас қаласының әкімі қызметтерін атқарған.

Сондай-ақ, Сарысу ауданы әкімінің аппаратын басқарған. Сарысу ауданы әкімінің орынбасары, Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы лауазымдарында болған.

2019 жылдың наурыз айынан бастап «Тараз Құрылыс Инвест»компаниясының бас директоры болып жұмыс істеп келген

Нұр-Сұлтанда әкімдердің тұрғындармен есептік кездесулері өтеді

Елорда тұрғындары өз сұрақтары мен шағым-өтініштерін қала билігіне жазбаша түрде жібере алады. 

11 Қаңтар 2020 11:59 452

Жамбыл облысындағы Сарысу ауданына жаңа әкім тағайындалды

Халықтың ыңғайы үшін барлық аудан орталықтарында, халық көп жиналатын сауда орталықтарында арнайы жәшіктер орнатылатын болады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

«Есіл» ауданы әкімі астаналықтар алдында 29 қаңтар – 2 ақпан аралығында есеп береді (барлығы 5 кездесу өтеді деп жоспарланған). «Алматы» ауданы әкімінің қала тұрғындарымен кездесуі 3-7 ақпан аралығында (5 кездесу), «Сарыарқа» ауданы әкімінің қала тұрғындарымен кездесуі 27 қаңтар мен 3 ақпан аралығында (6 кездесу), ал «Байқоңыр» ауданы әкімінің тұрғындармен кездесуі 27-31 қаңтар (5 кездесу) аралығында өтеді.

Іс-шаралар «сұрақ-жауап» форматында өтетін болады.

Аудан әкімдіктерінің «Қауырт желі» телефондары: «Алматы» ауданы: Байланыс телефоны - 36-39-19; байланысушы тұлға  – Ұйымдастыру-бақылау бөлімінің басшысы Бауыржан Серікпайұлы Қапанов. 

«Есіл» ауданы: Байланыс телефоны - 55-73-83; байланысушы тұлға  – Ұйымдастыру-бақылау бөлімінің басшысы Бейсов Олжабек Абайұлы.

«Сарыарка» ауданы: Байланыс телефоны – 55-66-03; байланысушы тұлға – Ұйымдастыру-бақылау бөлімінің басшысы Исаков Ерболат Түгелбайұлы.

«Байқоңыр ауданы»: Байланыс телефоны - 55-74-91; байланысушы тұлға  –Жиынтық-талдау бөлімінің басшысы Баужанов Азат Қайратұлы.

Сондай-ақ, қала тұрғындары ұсыныстарын барлық 4 ауданда орналасқан өтініш жәшіктеріне қалдыра алады.

Есіл ауданының тұрғындары үшін жәшіктердің орналасқан жері:  «MEGA Silk Way» СОСО, «Керуен» СОСО, Есіл ауданы әкімдігі, аудандық ХҚКО.

Сарыарқа ауданы тұрғындары «Қазпошта» ғимаратында, «Sine Tempore» сауда үйінде, аудандық ХҚКО, № 4 қалалық емханада, №10 қалалық емханада, Тілендиев,15 мекен-жайындағы «Рахмет» сауда орталығында, Герцен, 84 көшесінде орналасқан «Рахат» дүкенінде, Бабатайулы, 6/1  көшесіндегі «Шик» дүкенінде, «Көктал-2» сауда үйінде өтініш хаттарын қалдыра алады.

Алматы ауданы тұрғындары аудандық ХҚКО, №6, №7, №11 қалалық емханаларда,  Б.Момышұлы көшесіндегі «Рахмет» сауда орталығында, «Еуразия» сауда орталығында, «Аружан» СОСО, Өндірістік және Теміржолшылар, Интернациональный тұрғын үй алаптарындағы аудан әкімдіктерінде өтініш пен ұсыныстарын қалдыра алады.

«Байқоңыр» ауданы бойынша тұрғындардың өтініштеріне арналған жәшіктердің орналасқан жері: Астаналық сауда үйі, «Байқоңыр» ауданының ХҚКО, «Астықжан» сауда үйі, Орталық базар, «Байқоңыр» ауданы әкімінің бас инспекторының ғимараты, аудан әкімдігінің ғимараты.

Билікөлде балықтың бес-ақ түрі қалған

Жамбыл облысындағы Билікөл көлінің экологиялық жағдайы мүмкіл хәлде. Экологтар мәселе облыстық емес, республикалық деңгейде қарастырылуы қажет деп есептейді.

17 Қыркүйек 2019 15:20 592

Жамбыл облысындағы Сарысу ауданына жаңа әкім тағайындалды

Апатқа химиялық өнеркәсіптер қалдықтарының төгілуі себеп болған. 1983 жылдан бастап Билікөл таза су қоймасы қатарынан шығып, Қазақстандағы ең лас су айдындары қатарына кірген.

Бірнеше жыл бұрын ҚР Ядролық физика институтының мамандары көлдің радиациялық көрсеткіштерін зерттеп, онда литий, бор, мырыш, стронций, молибденнің көп мөлшері бар екенін анықтаған. Қалыпты жағдайда 1 литр суда 15 микрограмм көрсететін уран концентрациясы мұнда 17,3 микрограмды көрсеткен.

1990 жылы Билікөлдің су жинау алаңы 5 170 шаршы шақырым, ұзындығы – 9,28 шақырым, ені 5 шақырымды құрады. 1948 жылдары көлдің деңгейі 643 см болса, 2016 жылы 366 см болды, яғни су деңгейі 2 метр 72 см-ге дейін төмендеп кеткен.

«Жаздың аптап ыстығында қамыс пен балдырдың шіру үдерісі күрт көтеріліп, көмірқышқыл газы көбейіп, судағы оттегі азаюда. Яғни, көлдегі флора мен фауналардың жойылу үдерісі жылдам жүріп жатыр. Су мөлшерінің аздығы және көлдің ластануы балықтардың өлуіне әкеп соқты. Бұрын Билікөл аумағында 30 балық түрі болса, қазір бес-ақ түрі бар», – дейді профессор, ҚР минералды ресурстар академиясының академигі Медетхан Заппаров.  

Әсел Мұратбекқызы