Жамбыл облысындағы шекара заставасында атыраулық сарбаз көз жұмды

852

Алдын ала ақпарат бойынша, сарбаз әскер қатарына Атыраудан шақырылған.

Жамбыл облысындағы шекара заставасында атыраулық сарбаз көз жұмды

Қайғылы оқиға 19 тамыз күні түнде Жамбыл облысында орналасқан Шөлдала шекара заставасында орын алған.

Orda.kz телеграм каналының мәліметіне сәйкес, сарбаз өз-өзіне қол жұмсаған.

Күні кеше ғана Атыраудағы шекара заставасында Ақтаудан шақырылған сарбаздың мерт болғанын жазған болатынбыз. Өкінішке орай, армия қатарында жүрген сарбаздар өлімі азаймай тұр.

Бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әскердегі сарбаз өлімінің көбеюіне байланысты Қорғаныс министрлігін сынға алып, міндеттер жүктеген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу