Жамбыл облысындағы шаруалардың шығынын өтеуге бюджеттен 3,7 млрд теңге бөлінеді

466

Бұл туралы Ашық НҚА порталында жарияланған құжат жобасынан белгілі болды.

Жамбыл облысындағы шаруалардың шығынын өтеуге бюджеттен 3,7 млрд теңге бөлінеді Фото: inbusiness.kz

Құрғақшылық салдарынан шығынға батқан Жамбыл облысының шаруаларына қолдау көрсету мақсатында үкімет резервінен 3 756 300 171 теңге қаржы бөлінеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

"Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне 2023 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резервінен табиғи сипаттағы төтенше жағдайдың нәтижесінде агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне келтірілген зиянды өтеуге Жамбыл облысының әкімдігіне ағымдағы нысаналы трансферттер түрінде аудару үшін 3 756 300 171 теңге сомасында қаражат бөлінсін", делінген құжат жобасында.

Айта кетсейік, Қырғызстаннан Қазақстанға келетін су көлемінің қысқаруы егістіктерді қажетті деңгейде суаруға мүмкіндік бермеді. Осыдан туған құрғақшылықтың салдарынан оңтүстік өңірдегі 300-ден астам шаруа миллиардтаған шығынға батты. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу