Жамбыл облысындағы төтенше жағдай кезінде адам шығыны тіркелмеді - полиция

332

Өңірдің тас жолдарында қар құрсауында қалған 5 мыңға жуық адам құтқарылған.  

Жамбыл облысындағы төтенше жағдай кезінде адам шығыны тіркелмеді - полиция Фото: zhambyl_police

Жамбыл облысының полиция департаменті желіде тарап жатқан ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты облыстық полиция департаментіне сілтеме https://www.instagram.com/p/C0_Oq62geul/?igshid=MzRlODBiNWFlZA==  жасап.

Департаменттің мәліметінше, бүгінгі таңда ауа райының күрт нашарлауына байланысты төтенше жағдай режимінде бірде-бір адам қайтыс болған жоқ.

“Әлеуметтік желілерде Қордай асуында адамдар үсіп, бүкіл отбасы қайтыс болды, сондай-ақ тас жолдарда қар үйінділерінде қаза болған адамдардың тізімі пайда болды деген ақпарат, суреттер мен бейнежазбалар таралып жатыр. Бұл тізімде қар құрсауынан құтқарылған және жылыту үшін мектепке жеткізілген адамдардың деректері көрсетілген. Өлген адамдардың денелері бар табыттардың фотосуреттеріне келетін болсақ, оларды жерлеу үшін біздің аймақ арқылы транзитпен тасымалдағанын хабарлаймыз”, - деп мәлімдеді ведомство.

Жамбыл облысының полиция департаменті жалған ақпарат, оның ішінде әлеуметтік желілерде таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгені туралы ескертеді және тек ресми дереккөздерге сенуді ұсынады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу