Жамбыл облысындағы вакцина өндіретін зауыттың құрылысы аяқталды

769

Зауыт 10 айда салынған.

Жамбыл облысындағы вакцина өндіретін зауыттың құрылысы аяқталды

Жамбыл облысында COVID-19-ға қарсы вакцина өндіретін зауыттың 
құрылысы аяқталды. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

"Биофармацевтикалық зауыт – әлемдегі бірегей зауыттардың бірі. Ол 2-3 жылда салынады. Ал Қазақстандағы зауыт 10 айда салынды. Құрылыс-монтаж жұмыстары толығымен аяқталды. Бүгін ол толығымен іске қосылды", - деді Ералы Тоғжанов сенаттың жалпы отырысында.

Үкімет басшысының орынбасары қазіргі таңда зауытта технологиялық жабдықты валидациялау мәселесін шешу үшін түрік және қытай компаниялары жұмыс істеп жатқанын жеткізді.

Айта кетейік, осыған дейін Денсаулық сақтау министрлігі Алексей Цой
Алексей Цой коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцина өндіретін зауыт жыл соңына дейін салынатынын, құрылысты аяқтауға 1,6 млрд теңге керегін айтқан еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу