Жамбыл облысындағы зауыттан 10 тоннадан астам дизель отыны ұрланды

528

Ұрлықты ұйымдастырушы Түркістан облысының 34 жастағы тұрғыны екені белгілі болды. 

Жамбыл облысындағы зауыттан 10 тоннадан астам дизель отыны ұрланды Фото: polisia.kz

Жамбыл облысының полиция департаменті Жаңатас қаласындағы “Қазфосфат” ЖШС зауытынан ұзақ уақыт бойы дизель отынын ұрлаумен айналысқан қылмыстық топтың әрекетiн анықтап, тосқауыл қойды.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі 1-тармағымен (Ірі мөлшерде жасалған ұрлық) сотқа дейінгі тергеу iсi басталды.

Зауыт қызметкерлерінің қатысуымен күдіктілер ұзақ уақыт бойы ірі көлемде ұрланған дизель отынын әкетiп отырған.

Күдіктілердің тұрғылықты жерін тінту нәтижесінде 10 тоннаға жуық дизель отыны, сондай-ақ ЖЖМ тасымалдау және айдау үшін пайдаланылған автокөлiктер мен арнайы жабдықтар табылып, тәркіленді. Сонымен қатар тегіс ұңғылы мылтықтың кесіндісі табылды.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, тергеуге қатысты өзге мәліметтер жариялауға жатпайды

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу