Жаңа бас жоспарға сай Жаңатас тұрғындарының тұрмысын мейлінше жеңілдету көзделіп отыр, деп хабарлайды 24.kz.
Ол үшін алдымен әбден ескірген темір жол және автобекет ғимараттары қайта салынады. Қос нысан заманауи құрал-жабдықпен жарақталады.
Сондай-ақ қалада "Жастар сарайы" пайда болады. Ол жерде оқушылар мен студенттерге қажет ақпаратын алуға барлық мүмкіндік жасалады. Смарт-технологияларды енгізу жұмысы қалада басталып кетті. Қазір көшелердегі аялдамаларда ақын-жазушыларының өмірі мен шығармашылығы жайлы ақпарат беретін тақтайшалар ілінген. Ондағы бүкіл мәліметті оңай ұялы телефонға жүктеп, танысуға болады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу