Жамбыл облысындағы жарылыс: тағы бір өрт сөндірушінің мәйіті табылды

1089

Жамбыл облысында жарылыстан қаза тапқандар саны 15-ке жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Жамбыл облысындағы жарылыс: тағы бір өрт сөндірушінің мәйіті табылды

Оқиға орнынан табылған мәйіт Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкері екені анықталды. 

"Жамбыл облысындағы жарылыс орнынан табылған мәйіттің кім екені анықталды. Ол 3-МӨСБ қарауыл бастығы Заикин Сергей Владимирович болып шықты. Мәйітті марқұмның туыстары таныды", - деп жазылған ТЖМ баспасөз қызметі таратқан хабарламада. 

Осылайша, Жамбыл облысындағы жарылыстан қаза тапқандар саны 15 адамға жетті. 

Жоғалған тағы бір адамды іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу