2017 жылдың 10 ақпанында Тараз-Шымкент бағытындағы жолдың бойында КамАЗ әскери автокөлігі жол апатына ұшыраған болатын. Жүргізуші жолдың тайғақтығынан көлікке ие бола алмай, жол жиегіне шығып кетіп, бір бүйіріне төңкерілген.
Көлікте 28 әскери қызметші болған. Олардың 17-сі әртүрлі деңгейде жараланған. Әскерилер госпитальге және Тараздағы қалалық ауруханаға жеткізілді, қазір жағдайлары жақсы.
Оқиғаға байланысты министрлікте әскери автокөліктердің қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар күшейтілді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу