Жамбыл облысының 3 ауданында орталық ауруханалар құрылысы жоспарланған

Жобалар халықты сапалы медициналық қызметпен қамту мақсатында жүзеге асырылады. 

Жамбыл облысының 3 ауданында орталық ауруханалар құрылысы жоспарланған Фото: gov.kz

Бұл туралы Орталық коммуникациялар алаңында Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов мәлім етті. 

Айтуынша 3 ауданда көпбейінді ауданаралық аурухана қайта жаңғыртылмақ. Жалпы өңірдегі денсаулық сақтау ұйымдарының тозу деңгейін төмендету мақсатында 3,3 млрд теңгеге 20 денсаулық сақтау нысанының құрылысы жоспарланған. 

"Оның ішінде "Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" жобасы шеңберінде 1,7 миллиард теңгеге 10 денсаулық сақтау нысанының құрылысын жүргізуді және 1,5 миллиард теңгеге 10 нысанды күрделі жөндеуден өткізу көзделген. Саланың медициналық техникамен жабдықталу деңгейі 91,9%-ды құрайды.  Осы мақсатқа жергілікті бюджеттен 2,4 млрд теңгеге қажетті медициналық құралдар алынады. Яғни жабдықталу деңгейін 96,6%-ға жеткіземіз", деді өңір әкімі.

Бұған қоса өңірде Байзақ, Қордай, Жуалы орталық ауруханалар құрылысы мен Меркі, Шу, Талас көпбейінді ауданаралық ауруханаларды қайта жаңғырту жұмыстары қолға алынбақ. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу