Жамбыл облысының 3 елдімекеніне газ тартылады

798

Жамбыл облысының 3 елдімекеніне газ тартылады

2018 жылы Жамбыл облысының 3 елдімекеніне газ тарту жоспарланып отыр, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Бүгінде Ақкөл, Қызыләуіт және Үшарал елдімекендеріне газ құбырын өткізу жөніндегі жобалық-сметалық құжаттар әзірлеу үшін тиісті қаржы бөлінген.

Алдағы жылдары облыста 150 елдімекенге газ тарту жоспарда бар.

Әкімдіктің ақпаратына сүйенсек, жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеуге облыстық бюджеттен 449 млн теңге бөлінген. Республикалық бюджет қаражаты есебінен Шолдала алабына газ құбырын өткізу жұмысы басталмақ. Тұрар Рысқұлов ауданында Ақыртөбе газ реттегіш станциясы да салынады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу