Шымкентте полиция есірткі жеткізу арнасының жолын кесті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Тараз қаласының 58 жастағы тұрғыны мен Жамбыл облысының 51 жастағы тұрғыны ұсталып, олардан 30 келіге жуық кептірілген марихуана тәркіленді.
Бұл есірткі заттарын олар 1,5 миллион теңгеге сатпақ болған.
Қазіргі таңда аталған оқиға бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.
Полиция есірткімен байланысты кез келген заңсыз әрекет қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу