Жамбыл облысының 6 елдімекенін қызыл су басты

1094

Жамбыл облысының 6 елдімекенін қызыл су басты

Жамбыл облысының 6 елдімекені - Жарылсу, Қызылту, Әбжапар, Өрнек, Ақыртөбе мен Тереңөзек ауылдарын су басты, деп хабарлайды almaty.tv

Су әсіресе, Ақыртөбе мен Тереңөзек ауылындағы біраз баспананың ауласын шайып кетіпті. Тіпті қызыл су мектепке барар жолды жауып, салдарынан оқу тоқтатылған. Ал ұстаздар мен әкімдік қызметкерлері осында жұмылдырылған.

Апатқа 8 ауылды ағып өтетін Қарасу өзенінің арнасынан тасуы себеп болып отыр. Тұрғындардың айтуынша, төрт-түлікке арнап жинаған шөптерін ағыс ағызып алып кеткен. Жұрт күннен күнге ағыстың қарқыны ұлғаймаса, қайтатын түрі көрінбейді дейді.  

"Облыстан 2 экскаватор, 4 насос сұрадық. Қазір келіп, жұмыс істейін деп жатыр. Біз комиссия құрып, зардап шеккендерге көмек көрсетіп, бәрін жөндеп береміз", - деді Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданының әкімі Асқар Қырықбаев.

Айта кетейік, синоптиктер Қазақстанның төрт облысында су деңгейі көтеріледі деп болжайды. 3 наурыз Қызылордада, ал 4-інде Оңтүстік-Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстарында су басу қаупі басым.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу