Нұржан Нұржігітов Жамбыл облысының әкімі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұржігітов Нұржан Молдиярұлы Жамбыл облысының әкімі болып тағайындалды", - делінген жұма күні таратқан хабарламада.
Нұржігітов Жамбыл облысын алғаш 2022 жылдың сәуірінде басқарса, оған дейін 2021 жылдың сәуірінен бастап Жамбыл облысы әкімінің орынбасары, одан бұрын, 2019 жылдың тамыз айынан бастап Жамбыл облысы Байзақ ауданының әкімі болған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу