Жамбыл облысының бұрынғы әкімі Кәрім Көкірекбаев ұсталды

1460

Жамбыл облысының бұрынғы әкімі, "Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесінің басшысы Кәрім Көкірекбаев ұсталды, деп жазады inbusiness.kz. 

Жамбыл облысының бұрынғы әкімі Кәрім Көкірекбаев ұсталды Фото: tengrinews.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі "Қазселденқорғау" ММ директорының пара алу кезінде ұсталғанын растады.

"Қазселденқорғау" – ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитетінің ведомстволық бағынысты кәсіпорны.

Ашық дереккөздерге сенсек, Кәрім Көкірекбаев "Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесінің басшылығына 2019 жылдың тамыз айында келген.

Бұдан бөлек 2018-2019 жылдары Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, 2013-2018 жылдар аралығында Жамбыл облысының әкімі лауазымдарын атқарды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу