Жамбыл облысының диқандары 15 500 тонна арзандатылған дизель отынмен қамтылады

632

Жамбыл облысының диқандары 15 500 тонна арзандатылған дизель отынмен қамтылады

Жамбылдық аграршыларға 15 500 тонна арзандатылған дизель отыны бөлінеді. Мұндай тың ақпараттарын Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Еркебұлан Анабеков Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында айтты, деп хабарлайды strategy2050.kz.

Ағымдағы жылы тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау қағидаларына өзгерістер енгізіліп, бірегей және элиталық тұқымдар сатып алуға да субсидиялар қаралуда және субсидия көлемі 70 пайызға дейінгі мөлшерде қалып отыр. 2017 жылы тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға барлығы 185,8 млн. теңге бөлінді.

Оның сөзіне сүйенсек, үкімет тарапынан арзандатылған тыңайтқыштарға – 749 млн. теңге, гербициттерге – 53 млн 500 мың теңге және басым дақылдарға – 2 млрд 500 млн теңге қаржы қаралған.

Облыс бойынша көктемгі дала жұмыстарына ауыл шаруашылығы техникаларын дайындау барлық ауданда жоспарға сәйкес жүргізілуде.

"Аудандардың берген мәліметі бойынша 5751 трактордың 4642 данасы яғни, 83 пайызы көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін дайындық сапына қойылса, оның ішінде, доңғалақты тракторлардың дайындығы – 85 пайызды құрайды. Қолда бар соқалардың – 87 пайызы дайын болса, тырмалардың – 92 пайызы, қопсытқыштардың – 85 пайызы, дән сепкіштердің – 84 пайызы, тұқым дәрілегіштердің – 84 пайызы көктемгі дала жұмыстарына дайын, – делінген хабарламада.  

ҚР Үкіметі тарапынан облысқа көктемгі егіс дала жұмыстарын жүргізу үшін 15500 тонна арзандатылған дизель отыны бөлінсе, оның 12 500 тоннасы наурыз айына, 3 000 тонна мамыр айына қаралған.

"Дизель отынының бағасы 1 тоннаға 127 мың теңге болып бекітіліп, қазіргі уақытта белгіленген операторлар бойынша аудандардың егіс көлеміне сәйкес бөлінген есебі облыстық энергетика басқармасына жолданды", – деп баяндады басқарма орынбасары Еркебұлан Анабеков.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу