Жамбыл облысының диқандары бидайға орақ салды

988

Бүгінде 110 мың тонна астық бастырылған.

Жамбыл облысының диқандары бидайға орақ салды

Биылғы жылы аймақта 140 мың гектар алқапқа дән себіліпті, деп хабарлайды 24.kz.

Астық оруды алғашқылардың бірі болып Тұрар Рысқұлов ауданының шаруалары бастап кетті. Айтуларынша, астықтың сапасы жақсы, гектарына 24 центнерден келіп жатыр. Жиналған өнімді шаруалар мал азығы үшін пайдаланады. Тек "Қарасай"  атты бидайдың элиталы сұрпы ғана ұн тартуға жіберіледі.

Бидаймен қоса арпа да орылып жатыр.

Жалпы, дәнді-дақылдар 328 мың гектар алқапқа егілген. Диқандар астық жинау науқанын шілденің соңына дейін аяқтауды көздеп отыр. Одан кейін келесі астық себу науқанына дайындық басталады. Топырақ құнарын арттыру жұмыстары жоспарланған. 

"Заманауи астық оратын комбайндар мен тракторлар агротехникалық жұмыстарды қарқынды жүргізуге септігін тигізеді. Астықтың өнімділігіне де оң әсер етеді. Келер жылы 1,5 мың гектар алқапқа арпаның жаңа түрін өсіруді межелеп отырмыз. Меркедегі тәжірибелік алқапта гектарына 60 центнерден өнім алынған",– дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Күлкеев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу