Жамбыл облысының екі тұрғынынан 23 келі марихуана тәркіленді

298

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Жамбыл облысының екі тұрғынынан 23 келі марихуана тәркіленді Фото: polisia.kz

Көлік полицейлері Жамбыл облысының екі тұрғынынан 23 келі марихуана тәркіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Түрксіб станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Меркі ауданының Қарасу темір жол аралығында Жамбыл облысының екі тұрғынын анықтап, ұстады.

"Ұсталғандардың автокөлігін тексеру кезінде жалпы салмағы 23 келі 140 грамм, яғни аса ірі мөлшердегі кептірілген марихуана есірткі заты табылып, тәркіленді", – дейді көліктегі полиция департаментінің бастығы Бақытжан Малыбаев.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі (Аса ірі мөлшердегі есірткі заттарын заңсыз сақтау, тасымалдау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу