Жамбыл облысының екі тұрғынынан 7 келіге жуық есірткі тәркіленді

344

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Жамбыл облысының екі тұрғынынан 7 келіге жуық есірткі тәркіленді Фото: inbusiness.kz

"Қарасора – 2023" жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде жедел-ақпараттық жұмыстарды жүргізу барысында Жамбыл облысының полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Меркі ауданының аумағында орман шаруашылығының құмды аймағында Тараз қаласының 29 және 30 жастағы тұрғындарынан 7келіге жуық есірткі тәркіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Автокөліктің артқы орындықтарын тексерген кезде иісі бар жасыл түсті өсімдік тектес заты бар полиэтилен пакет табылды.  

Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттың жалпы салмағы 6,8 келі болатын кептірілмеген марихуана болып шықты.  

Ұсталғандар өз кінәларын толық мойындады. Олар Меркі аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. 

"Қазіргі уақытта осы дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлімі (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Бұл бапта 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған", – деді Жамбыл облысы ПД ЕҚҚІБ бастығы Әлім Бажықбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу