Жамбыл облысының ирригация және дренаж жүйелерін реконструкциялау 91%-ға аяқталды

111

Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігі мәлім етті.

Жамбыл облысының ирригация және дренаж жүйелерін реконструкциялау 91%-ға аяқталды Фото: gov.kz

Жамбыл облысының Шу ауданында Оң жағалаудағы магистральдық каналдан егіс алқаптарына су беретін ирригация және дренаж жүйелерін реконструкциялау жобасы 91%-ға аяқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Нысанды биылдың соңына дейін пайдалануға беру жоспарланып отыр. Жоба Шу ауданының 5 172 гектар егістік алқабына су жеткізуді жақсартуға мүмкіндік береді. Бұған дейін Жамбыл облысында жалпы 10 мың гектар егістік жерді сумен қамтамасыз ететін екі нысан пайдалануға берілген болатын.

"Жоба аясында суару каналдарының құрылысы мен жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бұл өз кезегінде су тасымалдау кезіндегі шығынды азайтып, суды тиімді пайдалануға мүмкіндік береді", – деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу