Жамбыл облысында кәсіпкерлік палатасының өңірлік кеңесі кеңейтілген отырыс өткізді. Жиында бірқатар жерге қатысты мәселе мен өңірлік бизнесті қолдауға бағытталған басымдықтар талқыланды.
Былтыр өңірлік палатаға кәсіпкерлерден 217 өтініш түскен. Оның 124-і жерге қатысты. Астанадан келген мамандар бұл мәселенің ашық әрі, кедергісіз шешілуі тиіс екенін айтты.
Жалпы, аймақта өткен жылы тек "Бизнестің жол картасы – 2020" бағдарламасы аясында 25 млрд теңгеден асатын 195 жобаға қолдау көрсетілген. Енді басымдық туризм саласына берілмек.
Айта кетейік, таяуда ғана салынған Көне Тараз тарихи-мәдени орталығы республикалық туристік нысандар тізіміне енгізілуі мүмкін. Осы арқылы өңірге саяхатшыларды тарту көзделіп отыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу