Жамбыл облысының креаторлары Астанадағы жәрмеңкеде 15 млн теңгеден астам өнімді сатты

328

Екі күнге созылған жәрмеңкеге 6 мыңға жуық адам барды. 

Жамбыл облысының креаторлары Астанадағы жәрмеңкеде 15 млн теңгеден астам өнімді сатты Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Астанадағы Qazaq Creative Hub алаңында Жамбыл облысының "Асқақ рухты Әулиеата" креативті жәрмеңкесі аяқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Іс-шара Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Creative Aimaq республикалық жобасы аясында ұйымдастырылды. Іс-шара қорытындысында Жамбыл облысының креаторлары 15 млн теңгеден астам өнімді сатты.

Жәрмеңкеде қолөнер шеберлерінің бұйымдары, ұлттық киімдер мен зергерлік әшекейлер, авторлық брендтер, кітаптар, картиналар, мүсіндер мен фототуындылар қойылды. Сонымен қатар көпшілік ұлттық мәдениет пен білімді заманауи цифрлық технологиялармен сабақтастырған IT-жобалармен танысты. Олардың қатарында жасанды интеллект негізінде әзірленген жобалар да бар.

Ендігі кезекте Creative Aimaq жобасын Қызылорда облысы жалғастырады. Өңірдің креативті жәрмеңкесі 12-13 қыркүйекте өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу