Жамбыл облысының ормандарына баруға тыйым салынбақ – қаулы

544

Жамбыл облысында жаз айларында орманға баруға тыйым салынуы мүмкін.  

Жамбыл облысының ормандарына баруға тыйым салынбақ – қаулы Фото: facebook/tabigiresurstar

Бұл туралы "Ашық" НҚА порталында жарияланған өңір әкімі Нұржан Нұржігітовтің тиісті қаулы-жобасында жазылған, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Орманда өрт қаупі жоғары болып тұрған кезеңдерде (жыл сайын 1 шілдеден 20 қыркүйекке дейін) жеке тұлғалардың мемлекеттік орман қоры аумағында болуына тыйым салынсын", - делінген қаулыда.

Құжатқа қосымша берілген түсіндірмеде көрсетілгендей, мұндай шешім орман алқабында өрт оқиғаларының алдын алу мақсатында қабылданып отыр.

"Облысымыздың мемлекеттік орман қоры жерінде жоғары өрт қаупі кезеңі әр жылдың 1 маусымынан 20 қыркүйегіне дейін байқалады. Жамбыл гидрометеорология орталығының мәліметі бойынша облыс аумағында жоғарыда көрсетілген айларда +30+40°С өрт қаупі кезеңі байқалады. Мемлекеттік орман қоры жерінде жеке тұлғалардың көп болуы салдарынан орман алқабында өрт шығу оқиғалары да көбейеді. Орман өрті болған жағдайда сексеуіл, жүзгін және тағы да басқа ағаштар өртеніп, жойылады. Жақын орналасқан елді мекендерді, жолдарды және егіс алқаптарын құм басып қалу қаупі төнеді. Сондықтан осы жоғарыда көрсетілген фактілердің алдын алу мақсатында тыйым салу жұмыстарын жүргізу қажет", - деп көрсетілген түсіндірме жазбада.

Жамбыл облысындағы мемлекеттік орман қорының жалпы көлемі 4 млн 425,3 мың гектар. Оны қорғау жұмыстарымен 15 орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі айналысады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу