Жамбыл облысының Сарысу ауданында төтенше жағдай жарияланды

101

Өңірде шамамен 2 шақырым электр тоғы үзілген. 

Жамбыл облысының Сарысу ауданында төтенше жағдай жарияланды Фото: Жамбыл облысының әкімдігі

Бүгін қатты жел салдарынан Сарысу ауданы Жаңатас қаласындағы бірқатар көпқабатты тұрғын үйдің шатыры ұшып, электр желілері бүлінді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Анықталғандай қатты желдің салдарынан 3 үйдің шатыры толық, 7 үйдің шатыры жартылай, сондай-ақ жеті кәсіпкерлік нысанының шатыры бүлінген.

Коммуналдық желілер штаттық режимде жұмыс істеп тұр, әлеуметтік нысандарға зақым келмеген.

Аудандық деңгейде төтенше жағдай жарияланды.

"Зерделеу жалғасып жатыр. Апат салдарын жоюға тиісті қаржы қарастырылатын болады. Қажетті көмектің барлығы көрсетіледі. Зардап шеккендер жоқ", – делінген Жамбыл облысы әкімдігінің хабарламасында. 

Аудан әкімдігі мен төтенше жағдай департаменті, жауапты басқармаларға қалпына келтіру жұмыстары тапсырылды. Жұмыс бүгіннен басталады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу