Жамбыл облысының тұрғыны Астанаға 30 келіден астам есірткі жібермек болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Жамбылдық полицейлер есірткіні заңсыз өткізу фактісінің алдын алды.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Шу ауданында есірткінің аса ірі партиясы тәркіленді. Полиция 35 жастағы күдікті – жергілікті тұрғынды ұстады.
Жаңа жол ауылында өткен тінту шаралары барысында ер адамның шаруашылық құрылысында кептірілген марихуана және гашиш есірткі заттары бар 15 полиэтилен пакет табылып, тәркіленді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу