Жамбыл облысының тұрғыны есірткі сатқаны үшін 11 жылға сотталды

582

Қандыағаш станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру барысында Жамбыл облысының 35 жастағы тұрғынын ұстады, деп хабарлайды inbusiness.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жамбыл облысының тұрғыны есірткі сатқаны үшін 11 жылға сотталды Фото: news.liga.net

Күдікті Тараз қаласының аумағында аса ірі мөлшерде кептірілген марихуанна есірткі затын заңсыз сатқан.

Аталған факті бойынша көлік полицейлері ҚР ҚК-нің 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізді. Тараз қаласының мамандандырылған тергеу сотының шешімімен құқық бұзушы аса ауыр қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 11 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланды.

Жыл басынан бері еліміздің көлік полицейлері есірткі заттарының заңсыз айналымына байланысты 292 есірткі құқық бұзушылығын анықтады, оның 27-сі өткізу, 25-і аса ірі мөлшерде сақтау фактісі. Заңсыз айналымнан 168 келіден астам түрлі есірткі заттары тәркіленді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу