Жедел қызметкерлер ұсталған адамның үйін тексеру кезінде шөп қорасынан тыйым салынған заттардың жасырынған орнын тапты. 3 қап пен 1 пакеттің ішінде 28 келі 920 гр кептірілген марихуана, 980 гр гашиш сақталған.
Сондай-ақ каннабисті ұнтақтауға арналған елек пен электрондық таразыны табылды.
"Бұл деректі анықтау көп мөлшердегі есірткінің таралуының алдын алуға мүмкіндік берді. Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған адам өз кінәсін толық мойындады", – деді Жамбыл облысының полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлім Бажықбаев.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу